Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.
2. «Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 147-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.