«Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 наурыздағы № 307 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 31 наурыздағы
№ 307 қаулысымен
Бекітілген
«Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенті
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Қолданылу саласы
1. «Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) жалпы пайдаланымдағы жаңа және қайта жаңғыртылып жатқан автомобиль жолдары (бұдан әрі - автомобиль жолы) мен ондағы құрылыстарға қолданылады.
Техникалық регламенттің ережелері автомобиль жолдарына оларды жобалау кезеңінде қойылатын және оларды салу кезінде міндетті түрде сақтауға жататын адамдардың өмірі мен денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер, қоршаған орта, ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғау үшін жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі талаптарды белгілейді.
Осы Техникалық регламенттің талаптары өндірістік кәсіпорындар мен емдеу-алдын алу, әлеуметтік-мәдени және өзге мақсаттағы объектілерге кірме автомобиль жолдарын қоспағанда, қала мен елді мекен көшелеріне және шаруашылық жолдарға қолданылмайды.
2. Техникалық регламентте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2. Техникалық регламентте «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңында көзделген, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады: