Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2013 жылғы 7 маусымдағы № 12-1/271 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілуіне байланысты, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің мынадай Ережелері бекітілсін:
1) Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті туралы;
2) Ішкі аудит және бақылау департаменті туралы;
3) Мал шаруашылығы департаменті туралы;
4) Егіншілік департаменті туралы;
5) Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті туралы;
6) Мелиорация және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету басқармасы туралы;
7) Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті туралы;
8) Фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті туралы;
9) Ғылым және инновациялық саясат басқармасы туралы;
10) Инвестициялық саясат департаменті туралы;
11) Құқықтық қамтамасыз ету департаменті туралы;
12) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті туралы;
13) Қаржылық қамтамасыз ету департаменті туралы;
14) Әлеуметтік саясат басқармасы туралы;
15) Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті туралы.
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 12-1/142 бұйрығының 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Жауапты хатшы | А. Евниев |
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жауапты хатшысының
2013 жылғы 7 маусымдағы
№ 12-1/271
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер