«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 20 маусымдағы № 135 бұйрығы

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 20 маусымдағы № 135 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы туралы үлгі ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

М. Кұл-Мұхаммед

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрінің

2013 жылғы 20 маусымдағы

№ 135 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптамалық комиссиясы туралы

үлгі ереже

 

1. Осы Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптамалық комиссиясы туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Үлгі ереже) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және сараптама комиссиясының мәртебесі мен өкілеттігін белгілейді.

2. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 6) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптамалық комиссияны (бұдан әрі - сараптамалық комиссия) құрады және ол туралы Ережені бекітеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.