Банк кепілдігі және кепілдеме туралы кредиттік есепті беру, борышкер-тұлғаның өзі туралы және оның пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісімін ресімдеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 36 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 26 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Банк кепілдігі және кепілдеме туралы кредиттік есепті беру, борышкер-тұлғаның өзі туралы және оның пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісімін ресімдеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.