Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 105 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 1 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің төмендегідей регламенттері бекітілсін:
1) «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»;
3) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;
5) «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»;