Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 1 Қаулысымен күші жойылды
2013 жылғы 6 маусым № 105
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес жасалған.
2. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлар тізбесі осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - арнайы комиссияның жұмыс органы) көрсетіледі.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетіледі. Орталықтардың мекенжайлары осы регламентке 2 қосымшада көрсетілген.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысы негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, арнайы комиссияның жұмыс органдарының стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.