«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет регламентi (Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 105 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 1 Қаулысымен күші жойылды

 

2013 жылғы 6 маусым № 105

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысымен

бекітілген

 

 

«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
мемлекеттік қызмет регламентi

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес жасалған.

2. «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлар тізбесі осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетіледі.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).

5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері, уәкілетті органдардың стенділерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, шетелдіктерге, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.