Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 29, 351-құжат; 2012 ж. № 54, 717-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ереже осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.