2013-2014 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 шілдедегі № 196 Қаулысы
(2014.19.03. берілген өзгерістермен)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық бюджет есебінен 2013-2014 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1, 3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Республикалық бюджет есебінен 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Елшиева), «Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Исмаилов) заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен, 2013-2014 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә.Қаныбековке жүктелсін.