Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығы
(2010.31.12. берілген толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 8 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесінің 9-тармағын іске асыру мақсатында, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеменің нысаны бекітілсін.
2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты аумақтық әділет органдарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | З. Балиева |
ҚР Әділет министрінің 2010.31.12. № 346 Бұйрығымен нысан өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2006 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 240 бұйрығымен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актіге
анықтама-негіздеменің нысаны
______________________________________________________________
(нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және нормативтік құқықтық актінің тақырыбы )
-анықтама-негіздеме
|
№№ |
Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган |
|
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) |
|