Диагностика мен емдеу хаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 239 бұйрығы
(2012.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 53-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Диагностика мен емдеу хаттамаларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е. Біртановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Ж. Досқалиев |
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.05.01. № 9 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2011.31.03. № 172 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.12.08. № 535 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.02.12 № 869 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2012.25.12. № 883 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 7 сәуірдегі
№ 239 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.25.12. № 883 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Диагностикалау және емдеу хаттамаларының
тізбесі
(саны - 1764):
1. жүйке жүйесінің аурулары мен бұзылулары;
2. көз аурулары мен бұзылулары;
3. ЛОР-мүшелері мен ауыз қуысының аурулары мен бұзылулары;
4. тыныс алу жүйесінің аурулары мен бұзылулары;