Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларын және Уақытша орналастыру орталықтарының қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 330-ө-м бұйрығы
(2021.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.16.03. № 78 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.16.03. № 78 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Уақытша орналастыру орталықтары қызметінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә. Сарбасов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.К. Егембердіге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.