Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2013 жылғы 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі (құпия);
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі (құпия);
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі (құпия);
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі (құпия);
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Арнаулы ақпараттық қызметінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі (құпия) бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Мынадай мемлекеттік мекемелер таратылсын:
1) құпия;
2) құпия;
3) құпия;
4) құпия.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.