Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 71 Қаулысы
(2013.30.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 21 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 428 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 428 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.