Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 331 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) нормативтік құқықтық базасын тәртіпке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Министрліктің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы |
М. Орынханов |
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының 2013 жылғы
12 тамыздағы № 331 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізімі
1. «2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығы;
2. «2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 бұйрығы;