«2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 бұйрығы (күші жойылды)

«2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы»
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 12 тамыздағы № 331 бұйрығымен күші жойылды

 

2010 - 2011 оқу жылында «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуді оқу әдебиетімен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2010 - 2011 оқу жылында Білім беру ұйымдарында қолдануға рұқсат етілген оқулықтар басылымдарының тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков ) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары бастықтарының назарына жеткізсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары 2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарын сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.

 

 

Министр

Ж. Түймебаев

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2010 жылғы 9 сәуірдегі

№ 160 бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2010 жылғы 5 сәуірдегі

№ 152 бұйрығына 7-қосымша

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.