Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара қаржы талаптарын реттеу туралы
келісім
(Алматы, Москва қ., 1998 жылғы 8 қазанда)
Осы редакция 2000 жылдың 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 1998 жылғы 24 желтоқсандағы № 4184 Жарлығымен бекітілді
1999 ж. 14 шілдеде күшіне енді
Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
XXI ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларацияның рухын басшылыққа ала отырып,
өзара қаржы міндеттемелерін екі жақты шарттарға, келісімдерге және хаттамаларға сәйкес реттеудің қажеттілігін тани отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Тараптар өзара мынадай қаржы міндеттемелерін:
Қазақстан Тарапынан:
жалпы сомасы 1441,1 млн. АҚШ доллары болатын Ресей Федерациясы берген мемлекеттік несиелер мен несиелерді пайдаланғандығы үшін есептелген проценттер бойынша қарызды, соның ішінде:
1992 жылғы және 1993 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша техникалық несиелер жөніндегі - 1250,0 млн. АҚШ доллары болатын негізгі қарызды және 123,1 млн. АҚШ доллары болатын несиені пайдаланғаны үшін есептелген проценттер бойынша қарызды Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік несиесіне қайтадан ресімдеу туралы 1993 жылғы 29 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Келісімге сәйкес;
негізгі қарыз бойынша 68,0 млн. АҚШ доллары болатын 1993 жылғы 29 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1993 жылға арналған Мемлекеттік несие туралы Келісімге сәйкес;
Ресей Тарапынан:
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу Шартына сәйкес 1994-1998 жылдары «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін - 575 млн. АҚШ доллары болатын жалға алу ақысы бойынша қарызды;