«Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 Қаулысы (2023.18.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 Қаулысы

(2023.18.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 27 тамыздағы

№ 866 қаулысымен

бекітілген

 

 

Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту
ҚАҒИДАЛАРЫ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және шекаралық кеңістік шегінде Мемлекеттік шекарасын қорғауға Қазақстан Республикасының азаматтарын (бұдан әрі - Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдар) тарту тәртібін айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2019.12.03. № 104 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидалар «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі және «Қарсы барлау қызметі туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетін жедел іздестіру және қарсы барлау қызметіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.