«Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 Қаулысы (2026.24.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 Қаулысы

(2026.24.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2026.09.11. № 1001 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

C. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 27 тамыздағы

№ 866 қаулысымен

бекітілген

 

 

Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту
ҚАҒИДАЛАРЫ

 

ҚР Үкіметінің 2026.09.11. № 1001 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2026.09.11. № 1001 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және шекаралық кеңістік шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауға Қазақстан Республикасының азаматтарын (бұдан әрі - Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдар) тарту тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.