«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 (2013 жылғы 23 ақпандағы, 1 наурыздағы № 74,78 (28013, 28017) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-12 қосымшалар осы бұйрыққа 1-12 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
3) Осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.