(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.26.10 № 1670 ҚАУЛЫСЫ

«Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат
 бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1670 Қаулысы

(2011.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1485 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1485 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3)тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1485 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2010.19.06. № 620 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1485 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1670 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік

құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі - ТЕБ) ұсынады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 10-бабы;

2) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15-бабы;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің үлгі стандарты;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 65-тармағы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1) Үкіметтің электрондық порталында;

2) электрондық Үкіметтің порталында;

3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) веб-сайттарында (www.mvd.kz);

4) ІІМ Жол полициясы комитетінің «Заңнама» бөлімінде (www.zholpolice.kz);

5) облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) веб-сайттарында, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ТЕБ үй-жайларында, стендтерде және ақпараттық тақталарда орналастырылады.

5. Мәліметі ІІМ ақпараттық жүйесіне енгізілетін сенім хат бойынша көлік құралын басқаратын адамды тіркеу не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 сағаттан аспайды;

2) өтініш иесі жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызмет көрсетілгенге дейін кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 20 минуттан аспайды;

3) өтініш иесі жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің ең жоғарғы шекті уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет аптасына бес күн көрсетіледі (сейсенбі - жұма сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі сағат 08.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін). Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. ТЕБ қызмет көрсету орны ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек кіретін есігі, күтуге арналған орындары, құжаттарды рәсімдеу үшін орындықтары, үстелдері (тіректер) бар, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері ілінген стендтермен жабдықталған залы болады. Дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қызмет тікелей өтініш иесі тұратын жерде көрсетіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көлік құралын тіркеу туралы куәлік;

2) көлік құралын пайдалану құқығына сенімхат;

3) өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат.

12. Өтініштер, бланкілер толтыру көзделмеген.

13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті, осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар ТЕБ-ке тапсырылады.

14. Құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініш иесіне (өтініш иесінің өкіліне) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырғаны туралы талон беріледі.

15. Сенім хат пен құжаттар өтініш иесіне ТЕБ-те мемлекеттік қызмет көрсетілген жері бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін беріледі.

16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден:

1) көлік құралының меншік иесі сенім хатты жойғанда;

2) сенім хаттың қолданылу мерзімі өткен жағдайда бас тартылады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. ТЕБ қызметі тұтынушылардың конституциялық құқықтарының сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, құжаттардың сақталуын, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттық қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшейді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін ТЕБ жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері ІІМ-нің тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауда жәрдемдесуді осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген сенім телефондары арқылы алуға болады.

21. ТЕБ қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген қалалық, аудандық ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің), ІІД-нің, ІІМ Жол полициясы комитетінің, ІІМ-нің жоғары тұрған басшылығына белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым ІІД-нің жол полициясы басқармасы тіркеу-емтихан бөлімшесінің бастығына жұмыс күндері беріледі.

23. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдану құқығы бар.

24. Шағым құзыретіне шағымдағы мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды адамның атына берілуі тиіс.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы, заңды тұлғаның - оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюы тиіс. Шағым берген кезде субъектінің немесе іс-әрекетіне шағым берілетін лауазымды адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөндері, жүгіну себептері және талабы көрсетіледі.

25. Келіп түскен шағым ішкі істер органының ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш иесіне күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, осы стандарттың 5-қосымшасында көрсетілген талон беріледі.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш иесіне жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.

26. ІІМ Жол полициясы комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 4, веб-сайт: www.zholpolice.kz, кезекші бөлімнің телефоны: (7172) 71-58-68, сенім телефоны: (7172) 71-58-25.

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1670 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызмет көрсету

стандартына 1-қосымша

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1670 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызмет көрсету

стандартына 2-қосымша

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдау туралы

№___ ТАЛОН

 

________________________________________________________________

(Өтініш иесінің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

 

Қабылданған құжаттардың тізбесі:

1.____________________________________________________________________________________________________________________

2.____________________________________________________________________________________________________________________

3.____________________________________________________________________________________________________________________

4.____________________________________________________________________________________________________________________

5.____________________________________________________________________________________________________________________

6.____________________________________________________________________________________________________________________

7.____________________________________________________________________________________________________________________

8.____________________________________________________________________________________________________________________

9.____________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

 

Қабылдаған:

_______________________________________________/________/___________________

                    (ТЕб қызметкерінің лауазымы, атақ)               (қолы)                 (ТАӘ)

____жылғы «__»______

 

Берілген күні мен уақыты сағ мин  «__»______  ___жыл

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1670 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызмет көрсету

стандартына 3-қосымша

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1670 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызмет көрсету

стандартына 4-қосымша