Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2013 жылғы 22 тамыздағы № 281 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 52 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі лицензиялайтын сот-сараптама қызметінің құрамына кiретiн жұмыстар түрлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 208 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6350 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.