Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың актілері формаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 386 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 287 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңының 15-3-бабының 2 тармағына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың актілері формалары бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес тексеру нәтижелері туралы акті;
2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы нұсқау;
3) осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
4) осы бұйрықтың 4 қосымшасына сәйкес айыпты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы;
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оны арнайы бұқаралық ақпараттарда жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Н.С.Құнанбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.