«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 258 бұйрығы (күші жойылды)

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 258 бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5)-тармақшасына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 499 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуінқамтамасыз етсін.

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Жұмағұлов

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

__________ С. Қайырбекова

2013 жылғы 22 шілде

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 4 маусымдағы

№ 258 бұйрығымен бекітілген

 

 

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру
ұйымдары түрлері қызметің

үлгілік қағидалары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.