«Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 950 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 523 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті плащ;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті берет»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті плащ;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті плащ;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) кеуденің сол жағында кеуде қалталары және қалпақша қалталары бар, жағасы ашық көгілдір түспен көмкерілген, шалбары бар көгілдір-сұр немесе көк түсті бір қаусырмалы күнделікті китель»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі ұзын ашық көк түсті көйлек;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі қысқа ашық көк түсті көйлек;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: