«Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 523 Қаулысы (күші жойылды)

Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 523 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 775 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысы;

2) «Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 950 қаулысы.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 15 шілдедегі

№ 523 қаулысымен

бекітілген

 

 

Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.