«Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 989 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 238 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 41, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 1-кіші бөлімде:
«Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деген 2-стратегиялық бағытта:
«Жоғары жетістіктер спортын дамыту» деген 2.1-мақсатта:
мына:
«