«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 238 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 238 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 15 сәуірдегі

№ 238 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

 

1. «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1288 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 48, 537-құжат).

2. «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1044 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 492-құжат).

3. «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 74-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 702-құжат).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.