Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы
(2019.13.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қараңыз
«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.