Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қазандағы № 1057 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 5 қазандағы
№ 1057 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде (бұдан әрі - өткізу пункттері) жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет түрлері:
1) жергілікті атқарушы органдардың өткізу пункттерінде мемлекеттік мүлікті басқару бойынша қызметі;
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет пункттерінің қызметі;
3) ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ олардың инженерлік желілерін салу, реконструкциялау, техникалық жабдықтау, оның ішінде құрылыс учаскесін дайындау, инженерлік жабдықтарды монтаждау және әрлеу жұмыстарын жүргізу;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.