«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) көзделген құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1238 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 23-бабының 2-тармағына, 507-бабының 6-тармағына, 511-бабының 4-тармағына, 547-бабының 4-тармағына, 554-бабының 4) тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) салық төлеуші жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салығына және жер салығына арналған алым квитанцияларының нысаны;
2) бюджетке қолма-қол ақшамен төлеу жүзеге асырылуы мүмкін кейбір міндетті төлемдерді уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе консулдық мекемелердің қабылдауы үшін қатаң есептілік бланкінің нысаны;
3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің нысаны;
4) жекелеген қызмет түрлері бойынша салық салу объектілерін (салық салуға байланысты) есеп алуды тіркеу карточкасының нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.