Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 132-ө өкімі
(2013.22.11. берілген өзгерістермен)
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен Астана қаласының әкімдігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
ҚР Премьер-Министрінің 2013.22.11. № 184-ө Өкімімен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 6 тамыздағы
№ 132-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі