Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың үлгі ережесі мен қызметінің тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 361 бұйрығы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 45-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың үлгі ережесі мен қызметінің тәртібі бекітілсін.
2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.