Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы
келісім
(Бухарес қ., 1998 жылғы 21 қыркүйекте)
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 1008 Қаулысымен бекітілді
2001 ж. 12 ақпанда күшіне енді
Бұдан былай «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Yкіметі,
екi ел халықтарының арасындағы достық пен өзара түсiнiстiк қатынастарын дамытуға және нығайтуға тiлек бiлдiре отырып,
екi елде жүрiп жатқан терең қайта құруларды ескере отырып,
мәдениет, білім беру, ғылым, спорт саласындағы, сондай-ақ басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамыту ниетiн басшылыққа ала отырып,
Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөніндегі Хельсинки Кеңесiнiң Қорытынды актiсiнiң және жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясының ережелерiне адалдығын қуаттай отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
Мәдени ынтымақтастықты жан-жақты дамыту және нығайту мақсатында Тараптар:
а) мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлерiмен, көркем және шығармашылық ұжымдармен, оқытушылармен және мамандармен алмасуды;
ә) өзара мүдделiлiк бiлдiрiлетiн ғылыми және көркем әдебиеттердi аударуды және жариялауды;
б) мәдениет пен өнер күндерiн, түрлi көрмелердi, фильм фестивальдарын ұйымдастыруды және өткізудi, театр қойылымдарымен, би және музыка өнерi топтарымен, оның iшiнде коммерциялық негiзде, алмасуды;
в) ғылыми, ғылыми-танымал және көркем әдебиетпен, фильмдермен, мерзiмдiк басылымдармен музыкалық жазбалармен және партитурамен алмасуды;
г) ақпараттық және архивтiк материалдармен алмасуды;
д) баспа қызметi, полиграфия және кiтап саудасы саласындағы ынтымақтастықты көтермелейтiн және қолдайтын болады.
Тараптар өздерiнiң аумақтарында өткiзiлетiн конгрестерге, конференцияларға, көркем фестивальдерге және басқа да халықаралық iс-шараларға Тараптардың ғылым, бiлім беру, мәдениет және өнер салаларындағы көрнектi қайраткерлерiн өзара шақыруға және олардың қатысуына жәрдемдесетiн болады.
Тараптар білім беру саласында мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастық пен тәжiрибе алмасуға жәрдемдесетiн болады:
а) лекциялар оқуы мен ғылыми зерттеулер жүргiзуi үшiн оқытушылар, стажерлер, аспиранттар және басқа да мамандар алмасу;
ә) жоғары оқу орындарында, аспирантурада оқуы және тағылымдамадан өтуi үшiн орындар мен стипендиялар тағайындау;
б) екi ел халықтарының тілі мен әдебиетiн, тарихы мен мәдениетiн оқып-үйрену;
в) студенттермен және оқушылармен алмасу;
г) екi елдiң мәдени, географиялық экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын мектеп оқулықтарында, университеттердің тарих курстарында дұрыс бейнелеу iсiнде, соның iшiнде бiрлескен жұмыс топтарын құру құжаттармен және материалдармен алмасу арқылы өзара iс-қимыл жасау;
д) академиялық мекемелердiң, оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының және басқа да ұйымдардың арасында тiкелей байланыстарды дамыту және тереңдету.
Тараптар тиiстi ведомстволар арасындағы жекелеген келісімдер жасасу жолымен өздерiнiң оқу орындары мен ғылыми мекемелерi берген куәлiктердi, дипломдарды, атақтар мен ғылыми дәрежелердi өзара тануды көтермелейтiн болады.
Тараптар мамандарға өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес кiтапханаларына, архивтерiне және басқа да мәдени мекемелерiне өзара рұқсат беретiн болады.
Тараптар фильмдердi алмасу және сатып алу, кино фестивальдарын өткізу, сондай-ақ мерзiмдi кинобасылымдармен алмасу мақсатында кинематографиялық ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты көтермелейтiн болады.
Тараптар экономикалық және әлеуметтiк-мәдени даму жөнiндегі радио мен телевизиялық бағдарламаларды тұрақты алмасуға жәрдемдеседi, сондай-ақ осы салада мамандар алмасуды көтермелейтiн болады.
Тараптар ақпараттық агенттiктер мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесетiн болады.
Тараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты көтермелейтiн және қолдайтын болады.
Тараптар жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастыққа қолдау көрсететiн болады.
Тараптар туризм, дене мәдениетi және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытуды қолдайтын болады.
Тараптар өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық келісімдерге сәйкес өз аумақтарында заңды және жеке тұлғалардың авторлық құқықтарын өзара қорғауға міндеттенедi.
Тараптар өздерi мүшесi болып табылатын халықаралық келісімдер мен ұйымдардың шеңберiнде ынтымақтастықты көтермелейтiн болады.
Осы Келісім Тараптардың басқа келісімдерiнен туындайтын құқықтары мен мiндеттерiне ықпал етпейдi.
Осы Келісімнiң ережелерiн жүзеге асыру үшiн ынтымақтастықтың қаржылық шарттары мен ұйымдық нысандары бар ведомствоаралық бағдарламалары жасалатын болады.
Осы Келісімнiң ережелерін түсiндiруге қатысты даулар келiссөздер және консультациялар арқылы реттелетiн болады.
Осы Келісім Тараптардың өздерiнiң заңдарында көзделген мемлекетiшiлiк процедуралардың орындалғаны туралы екеуi де бiр-бiрiне хабарлаған сәттен бастап күшіне енедi.
Осы Келісім 5 жыл мерзiмге жасалды. Оның қолданысы, егер Тараптардың бiрде-бiрi бесжылдық мерзiм аяқталғанға дейін кем дегенде алты ай бұрын Келісімнiң күшiн жою ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлау арқылы мәлiмдемесе келесi бесжылдық мерзiмге ұзартылатын болады.
Осы Келісімнiң күшiн жойған жағдайда оның негiзiнде қол қойылған ынтымақтастықтың кез келген бағдарламасы Келісім қолданысының мерзiмi аяқталғанға дейiн өзiнiң күшiн сақтайды.
Бухаресте 1998 жылғы 21 қыркүйекте әрқайсысы қазақ, румын және орыс тiлдерiнде жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
| Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін | Румыния Үкіметі үшін |