«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 1008 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
 Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 1008 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2679 заң күші бар Жарлығының 16-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. 1998 жылғы 21 қыркүйекте Бухарест қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі