Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығы
(2012.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 28-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде қоршаған ортаға көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 28 ақпандағы № 68-ө «Жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының күші жойылды деп есептелсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, № 2779, 2005 жылғы 26 тамыздағы № 157-158 «Юридическая газета» газетінде жарияланды).
3. Экологиялық реттеу департаменті осы бұйрықты қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармаларына және жергілікті атқарушы органдарға жеткізсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.