Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көрсететін қызметтердің 2013 жылға арналған бағаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 3 тамыздағы № 595 бұйрығы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 156-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа:
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көрсететін қызметтердің 2013 жылға арналған бағалары бекітілсін;
2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көрсететін қызметтердің бағаларын белгілеу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.