Азаматтық авиация субъектілерінің қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ұсынылатын ақпараттың нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 718 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Қазақстан Республикасы Заңының 16-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиация субъектілерінің қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ұсынылатын ақпараттың нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми түрде жариялануын және оның МОИП орналастырылуын;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу туралы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберілгені туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.