Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 232 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Экономикалық интеграция және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі шеңберінде экономиканың жаңа жағдайларға интеграциялануы және бейімделуі мәселелері бойынша талдамалық жұмысты үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2013 жылғы 13 наурыздағы
№ 232 қаулысына
қосымша
Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру
кеңесінің құрамы