Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамаларын және оларды беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 258 бұйрығы
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамаларын, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерлеріне қызметтік куәліктерді беру жөніндегі нұсқаулықты, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) Кадрлар басқармасы және Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық департаментімен бірлесе отырып осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары қаржы полициясының генерал-майоры А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | Р. Түсіпбеков |
Қазақстан Республикасы Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Төрағасының 2013 жылғы 21 тамыздағы
№ 258 бұйрығына
1- қосымша