Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 257-ө бұйрығы
(2018.29.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.29.01. № 47 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 78-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.29.01. № 47 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Қ. Ж. Үстеміров) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйырықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.