Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 234/НҚ бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 53 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды, ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту департаменті Тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін уақтылы келісу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды, ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;
4) осы бұйрықтың облыстардың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі С.М. Жұманғаринге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 234/НҚ бұйрығымен бекітілген
Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау
әдістемесі
1. Жалпы ережелер