Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 14-14 шешімі
(2015.25.06. берілген өзгерістермен)
Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-16 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21 бабының 4) тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық Мәслихаттың өнеркәсіп салаларын, құрылысты, энергетиканы, көлікті, байланыс пен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасыныә
Премьер-Министрініә бірінші
орынбасары - Қазақстан Республикасыныә
Өәірлік даму министрі
Б.Ә. Сағынтаев
3 қыркүйек 2013 жыл
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетініә Жамбыл облысы
бойынша департаменті» мемлекеттік
мекемесі басшысыныә міндетін атқарушы
Б.С. Шиналиев
6 қыркүйек 2013 жыл
2013 жылғы 27 маусымдағы
№ 14-14 шешімімен бекітілген
Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру
Қағидалары
1. Жалпы ережелер