«Теміржол вокзалдарының тібесін олардың класына сәйкес бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 725 бұйрығы (2025.25.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Теміржол вокзалдарының тібесін олардың класына сәйкес бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 725 бұйрығы

(2025.25.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Көлік министрінің м.а. 2025.19.09. № 304 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 25 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-2) тармақшасына БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Теміржол вокзалдарының тізбесі олардың класына сәйкес бекітілсін.

2. «Темір жол вокзалдарының кластарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 13 қарашадағы № 766 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7886 тіркелді, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 26 қыркүйек, № 16-20 (27959) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Р.Қ. Мағзұмов):

1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастырылуын;

3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Склярға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.