Темір жол вокзалдарының кластарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрiнің м.а. 2012 жылғы 13 қарашадағы № 766 бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 725 бұйрығымен күші жойылды
«Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759 қаулысымен бекітілген Вокзалдар қызметін ұйымдастыру қағидаларының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Темір жол вокзалдарының кластары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) осы бұйрықтың:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет ресурсында оның келесі ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.