Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған фильмге прокаттау куәлігінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.