«Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 676 бұйрығы (күші жойылды)

«Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 676 бұйрығы

 

ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылы 27 маусымдағы № 392 бұйрығымен күші жойылды

 

«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңы 19-бабының 4-тармағына сәйкес және қызмет өңірі шегінде техникалық байқау операторларының техникалық байқау ұтқыр желілерінің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6874 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 3 тамыздағы № 344-345 (26739) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызмет өңірін айқындау қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.Б. Әбсаттаров):

1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен оны бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды және оны мемлекеттік органдардың интранет-порталында (МОИП) орналастыруды;

3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.