«Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылы 27 маусымдағы № 392 бұйрығы (2023.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылы 27 маусымдағы № 392 бұйрығы

(2023.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 88-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қызмет өңірін айқындау қағидасы бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 «Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 6874 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 тамыздағы № 242 (26663) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 676 «Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 8806 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 тамыздағы № 242 (26663) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.