Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 3 тамыздағы
№ 1021 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерiстер мен толықтыру
1. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 517-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесінде:
40-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он бес» деген сөздер «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:
«41-1. Депозитке беру объектілеріне депозитарлық нөмірлер берілгеннен кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде депозитке беру объектісінің ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттама депозитарийінде тіркелгені туралы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтама береді.».
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінде:
реттік нөмірі 463-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.